ТҮРКІСТАН ТҮЛЕГЕН ТҰС – МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

дереккөз фото:Түркістан облысы әкімі

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, соңғы сегіз жылда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бірнеше есеге артқанын жеткізді. Оның айтуынша, облыстың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметшілердің адал еңбегі мен жауапкершілігінің нәтижесі.

Мерекелік жиында өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметші мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінде Түркістан облысында 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, меритократия қағидатын енгізу және жас кадрларды қолдау бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.

Салтанатты шара облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды

berdaly_oraz

Келесте уылдырық цехы іске қосылып, алғашқы өнім алынды

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo