ҚАРНАҚТА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙДІ: ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

дереккөз фото:Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс және қала басшылығы, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған заманауи техника және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Сонымен қатар бекеттің материалдық-техникалық әлеуетін арттыру мақсатында екі арнайы техниканың кілті табысталды.

Шара барысында сөз алғандар ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұндай нысандардың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтық қорғау саласында үздік еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен жобаға қолдау көрсеткен азаматтар марапатталды.

Айта кетейік, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Бағдарлама аясында өңірде өрт сөндіру бекеттерінің желісін кеңейту және құтқару қызметтерінің әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Ертең Арыста жалпы қалалық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕТІСАЙДА БОЛҒАН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІН ОҚИҒА ОРНЫНА БАРЫП, ЖҰРТҚА КӨҢІЛ АЙТТЫ

berdaly_oraz

Шымкенттік тұрғын туысын өлтіріп, анасының ауласына көміп кеткен