Алматыда бір әулеттің үш келіні қалта ұрлығы күдігімен қамауға алынды

дереккөз фото:turkystan.kz.

Алматы қаласында қалта ұрлығын жасады деген күдікпен бір әулеттің үш келіні ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, олар ұйымдасқан түрде әрекет етіп, адам көп жиналатын орындарда ұрлық жасаған.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, базарлар, қоғамдық көлік пен халық көп шоғырланатын орындарды нысанаға алған. Олар азаматтардың ұялы телефондары, ақшасы мен алтын бұйымдарын жымқырған деген күдікке ілінген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында топтың үшінші мүшесін де ұстаған. Қазір үш күдіктінің де қамауға алынғаны белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Алматы қаласында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Жасыл ел» сарбаздары Астананы тазартуға атсалысты

Redaktor Arysinfo

Қытайда 10G интернет желісі іске қосылды

berdaly_oraz

Украина бейбіт келіссөздерге дайын: Зеленскийдің жаңа мәлімдемесі

berdaly_oraz