Түркістан облысында облыстық маңызы бар 4 шақырым жол пайдалануға берілді

Түркістан облысының Сауран ауданында облыстық маңызы бар КХ-60 «Түркістан – Кентау – Еңбекші – Дихан» автожолының 0–4 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жоба аясында жол толық жаңартылып, екі қабатты асфальт төселіп, елді мекен ішінде жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ мектептердің маңына қауіпсіздік үшін жасанды жол кедергілері орнатылды.

2026 жылы Түркістан облысында жол саласын дамытуға 35,5 млрд теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 1138 шақырымды құрайтын 224 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 445 шақырымнан астам жолды пайдалануға беру жоспарланған.

Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысында Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

ТҮЛКІБАСТЫҢ 2006 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАНАНЫ ТАБЫСТАДЫ

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров кәсіпкер Тимур Турловпен кездесті