Созақта Астана күні қарсаңында 25 отбасы баспаналы болды

Сурет: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысының Созақ ауданында Астана күні қарсаңында 25 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

Жеткіншек мөлтек ауданында өткен салтанатты рәсімде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жаңа баспаналар табысталды.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды құттықтап, баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

«Баспана – әр отбасының бақыты мен тұрақтылығының негізі. Бұл – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі», – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақта 29 отбасы баспаналы болған еді. Қазір тағы 22 пәтерді құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аудан орталығында жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫМҒА БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ  ОҚИҒАДА  30-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ 

Redaktor Arysinfo

Халық қаһарманының ұрпағы: “Әкеміздің марапатын қанша жыл күттік…”