Қазақстандықтардың 75,6%-ы Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті

Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың 75,6 пайызы алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын екенін білдірді. Зерттеу халықтың сайлау процесіне деген қызығушылығы мен азаматтық белсенділігінің жоғары екенін көрсетті.

Face-to-face, яғни бетпе-бет сұхбат форматында өткен сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 мың тұрғын қатысты. Бұл зерттеу қоғамдық пікірдің кең ауқымын қамтып, сайлауға қатысты көңіл күйді бағалауға мүмкіндік берді.

Сауалнама қорытындысы азаматтардың сайлау үдерісіне қатысуға дайын екенін және елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтынын аңғартады.

Ұқсас жаңалықтар

Сот жүйесіндегі ынтымақтастық күшейеді: Президент Түркі елдерінің Жоғарғы сот төрағаларын қабылдады

Redaktor Arysinfo

Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz

ТҮЛКІБАСТА БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАУ

berdaly_oraz