Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Бурабайда өтіп жатқан шетелдегі қазақ балаларына арналған «Атамекен» халықаралық балалар құрылтайында мәлімдеді.

Қанат Ислам енді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл тағайындау шетелдегі қандастармен байланысты нығайтуға, жастарды қолдауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстарды күшейтуге ықпал етеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам – Қазақстанның танымал спортшыларының бірі. Ол халықаралық аренадағы жетістіктерімен ғана емес, қоғамдық бастамаларға белсенді араласуымен де көпшілікке танылған.

Ұқсас жаңалықтар

«Еңбек етсең бәрі мүмкін»: Елдос Сметов туралы жаңа кітап жарық көрді

Redaktor Arysinfo

Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды