Алғашқы астық Түркістаннан: елдегі бидай орағы басталды

Түркістан облысында биылғы егін орағы науқаны басталып, еліміздегі алғашқы бидай қамбаға құйылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданындағы «Үшбастау» өндірістік кооперативіне барып, астық жинау жұмыстарының барысымен танысты.

Өңір басшысы шаруашылықта енгізілген су үнемдейтін нөлдік технологияның тиімділігіне тоқталып, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын әртараптандыру және өнімді терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларын орындаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ диқандармен кездесіп, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, заманауи агротехнологияларды кеңінен енгізуге шақырды.

Биыл «Үшбастау» кооперативі 700 гектарға бидай, 110 гектарға арпа, 150 гектарға мақсары және 60 гектарға жоңышқа еккен. Шаруашылықта 2500 тонна астық сақтайтын қойма, заманауи техника мен комбайндар жұмыс істейді.

Жалпы Түркістан облысында егін орағы қарқынды жалғасуда. Соңғы сегіз жылда өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,2 есеге өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 919,4 мың гектар алқапқа егілді. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда инвестициялық штаб отырысы өтті

berdaly_oraz

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 100-ден аса адам жүгіру марафонына қатысты