Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді емхана атынан алдап, 750 мың теңгесінен айырған

Ақтөбеде интернет-алаяқтар өзін емхана қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткердің сеніміне кіріп, 750 мың теңгесін иемденген.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер жәбірленушіге хабарласып, медициналық қызметке қатысты жалған ақпарат берген. Кейін түрлі сылтаумен банк деректері мен растау кодтарын алып, оның есепшотындағы қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтері мен SMS арқылы келетін кодтарды ешқашан бермеуге шақырады. Күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда ақпаратты ресми мекемелер арқылы нақтылап, бірден байланысты үзген жөн.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалына 133 жаңа техника табысталды

ҚАЗЫҒҰРТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ – КЕМЕ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Арыста «Салт дәстүрім – алтын қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті

berdaly_oraz