Жалақы өсіп жатыр, бірақ халық оны сезіне ме?

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда халық табысының өсуі кездейсоқ құбылыс емес, жүйелі әлеуметтік-экономикалық саясаттың нәтижесі ретінде бағалануда. Үкімет жәрдемақыларды индекстеумен қатар, еңбек нарығын жаңғырту, сапалы жұмыс орындарын көбейту және жалақыны кезең-кезеңімен арттыруға басымдық беріп отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс айына 252 619 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға жоғары. Ал орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгеге жетті.

Халық табысының артуына бірнеше фактор әсер етті. Ең алдымен, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың индекстелуі халықтың осал топтарын қолдауды күшейтті. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және өндірістік секторларда жалақының өсуі табыс құрылымын жақсартуға ықпал етуде. Әсіресе ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, қаржы және көлік салаларында жалақының жоғары өсімі тіркелді.

Мемлекет бүгінде жәрдемақыға тәуелділікті азайтып, азаматтардың негізгі табыс көзі ретінде еңбекақының үлесін арттыруды көздейді. Осы мақсатта ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру, жаңа өндірістер ашу, жоғары қосылған құны бар салаларды дамыту және тұрақты жұмыспен қамтуды кеңейту шаралары іске асырылып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, инфляцияның баяулауы мен еңбек нарығындағы өзгерістер сақталса, халықтың нақты табысының өсімі алдағы кезеңдерде де жалғасуы ықтимал. Бұл өз кезегінде азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, экономиканың ішкі сұранысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

Арыс қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Ресей мен АҚШ Украинадағы 30 күндік уақытша бітімге қатысты келіссөздер өткізді

berdaly_oraz