Футболдан әлем чемпионатының алғашқы финалисі анықталды

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні өткен футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің алғашқы финалисі атанды.

Кездесу барысында испандықтар сенімді ойын көрсетіп, қарсыласының қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Осылайша Испания құрамасы әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін шешуші матчқа жолдама алды.

Екінші финалист бүгін Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесуде анықталады. Жеңіске жеткен команда финалда Испаниямен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбарыс Қаблан — таеквондодан (WT) Әлем чемпионы атанды

Redaktor Arysinfo

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Арыс футбол клубы өз алаңында айқын жеңіске жетті