Түркістан облысында полиция қызметкерлерімен 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуын болдырмау мақсатында полицейлер тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Рейд барысында ойын-сауық орындары, көшелер және басқа да қоғамдық орындар тексерілуде. Ал кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен заңнама талаптарын сақтау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме шаралары атқарылуда.
Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында полиция қызметкерлерімен 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 50 ата-ана жауапкершілікке тартылса, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуының 13 фактісі жойылған.
Бұдан бөлек кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс не ойын-сауық орындарында болуының 200 фактісі анықталды, сондай-ақ 10 өзге де құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Өз кезегінде полицейлер ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырады. Осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Атырау әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ОҚУШЫЛАР АҚОРДАНЫ АРАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo