Астанада алғаш рет ұшатын такси сынақтан өтті

Елордада алғаш рет электр қуатымен жұмыс істейтін eVTOL (ұшатын такси) көпшілік алдында сынақтан өтті. Сынақ «Қазанат» ипподромы аумағында ұйымдастырылып, жоба Қазақстанда қалалық әуе ұтқырлығы технологияларын дамытудағы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Мамандардың айтуынша, жаңа әуе көлігі тік көтеріліп, тік қона алады және толықтай электр қуатымен жұмыс істейді. Болашақта ол 5 жолаушы мен бір ұшқышты тасымалдауға қауқарлы болады. Сондай-ақ 400 келіге дейін жүк жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта әуе таксилерін сертификаттау және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, 2028 жылы Алматы мен Қонаев арасында әуе такси қызметін іске қосу көзделген.

Бұл бастама Қазақстанда инновациялық көлік технологияларын дамытуға, жолаушылар тасымалын жеделдетуге және экологиялық таза көлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының балалары жыл 12 ай сауықтыру лагерінде демала алады

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған — Айдос Үкібай

berdaly_oraz

САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz