Астық мол, еңбек зор: Ордабасыда 46 мың тонна өнім қамбаға құйылды

Түркістан облысының Ордабасы ауданында биылғы егін жинау науқаны қарқын алды. Диқандар жаз бойы төккен маңдай тердің өтеуін алып, қамбаны астыққа толтыруда.

Биыл аудан көлемінде 30,7 мың гектар алқапқа масақты дақылдар егілген. Қазіргі таңда оның 27,1 мың гектары орылып, нәтижесінде 46 мың тонна астық жиналды.

Бұл көрсеткіш – жердің құнарын тиімді пайдаланып, заманауи агротехнологияларды ұтымды қолданған шаруалардың қажырлы еңбегінің жемісі. Қазір дала еңбеккерлері өнімді ысырапсыз жинап, астықты уақытылы қамбаға жеткізу үшін күндіз-түні еңбек етуде.

Мамандардың айтуынша, ауа райының қолайлылығы мен ұйымдастырылған жұмыстың арқасында жиын-терім науқаны жоспарға сай жалғасып жатыр. Ауданда егін жинау жұмыстары толық аяқталғанға дейін барлық күш пен техника жұмылдырылып, өнімнің әрбір дәнін сақтап қалуға басымдық берілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста тарихи саябақтар жаңғыртылып жатыр

berdaly_oraz

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

berdaly_oraz

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz