Ұлттық мұраға жаңа серпін: Астанада балаларға арналған тегін қолөнер мектебі ашылды

дереккөз фото: Aikyn.kz

Елордада ұлттық өнерді ұлықтап, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды жоба – балалар мен жастарға арналған тегін «Ұлттық қолөнер мектебі» өз жұмысын бастады. Бастама ұлттық қолөнер дәстүрін сақтап, оны креативті индустриямен ұштастыруды көздейді.

Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 450-ден астам өтінім қабылданып, олардың ішінен 208 бала іріктелді. Ал республикалық байқауға қатысқан 331 қолөнершінің арасынан үздік шыққан 10 шебер-тәлімгер балаларға тәжірибелік сабақ өткізеді.

Оқу бағдарламасы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді. Қатысушылар зергерлік өнер, киіз басу, керамика, сүйек ою, кілем тоқу, тері және ағаш өңдеу сияқты ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша білім алып, өз қолдарымен бұйым жасауды үйренеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық мұраны сақтап қана қоймай, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, олардың креативті мамандықтарға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дәстүрлі қолөнердің сабақтастығын жалғастырып, оны жаңа деңгейде дамытуға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Қазығұртта астық ору науқаны басталды

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда Абай күні аталып өтті: ескерткішке гүл қойылып, рухани шаралар өтті

berdaly_oraz