Ақтаулық өнерпаздар Грузияда ел мерейін үстем етті: 7 Гран-при Қазақстанға бұйырды

Ақтау қаласының жас өнерпаздары Грузияда өткен халықаралық шығармашылық байқауда тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Дарынды өрендер түрлі номинациялар бойынша өнер сынасып, нәтижесінде 7 бірдей Гран-при иеленіп, ел қоржынына үлкен жеңіс сыйлады.

Халықаралық додаға қатысушылар вокал, хореография және сахналық өнер бағыттары бойынша бақ сынап, кәсіби қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Олардың жарқын өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Қазақстанның мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде тағы бір мәрте танытты.

Жас таланттардың бұл жетістігі – жүйелі дайындықтың, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауының жемісі. Байқаудағы жоғары нәтиже өнерпаздарға жаңа белестерді бағындыруға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Бұл жеңіс – тек Ақтау қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышы. Өнер арқылы елдің рухани келбетін танытып жүрген жас таланттарға алдағы уақытта да халықаралық байқауларда толағай табыс тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ БЕРЕКЕЛІ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Redaktor Arysinfo

Обсуждена историческая роль конституционной реформы

Redaktor Arysinfo

Ордабасы ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда

berdaly_oraz