АРЫС: МОНТАЙТАС АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Ауыл – халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрі сақталған, табиғатпен етене өмір сүретін қасиетті мекен. Ауылдың тыныс-тіршілігі еңбекпен, береке-бірлікпен және туған жерге деген сүйіспеншілікпен тығыз байланысты.
Ауылдың көркеюі – әрбір тұрғынның ортақ ісі. Көшелердің тазалығы, аулалардың абаттандырылуы, көгалдандыру жұмыстары мен қоғамдық орындардың ұқыпты болуы ауылдың ажарын аша түседі. Сонымен қатар жастардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту да маңызды.
Құрметті Монтайтас ауылының тұрғындары, ауылдастар!
Баршаңызды аулаңызды, көшеңізді және оған іргелес аумақты таза ұстауға, шөпті уақытылы орып, тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз.
Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Туған ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
Ауыл тазалығы – елді мекеннің көркі мен тұрғындардың мәдениетін көрсететін маңызды мәселе. Ауылдың таза болуы үшін көшелерді, арықтарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару қажет.
Қазір Монтайтас ауылында «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамалар аясында сенбіліктер өткізіліп, ағаштар отырғызу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.  Таза ауыл – жайлы орта, дені сау ұрпақ және ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтар барлық ауылдықтарды «Таза Қазақстан»  экологиялық  сенбіліктерден қалыс қалмауға, белсенділік танытуға шақырамын!
Сералы Қошқаров
Монтайтас ауылының тұрғыны

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ БАЗАРЛАРДА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Азия чемпионы Бекасыл Асамбек Түркістанда салтанатпен қарсы алынды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте қызы қаңғыбасқа айналғаны үшін анасы айыппұл арқалады