Арыс қаласында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік шаралар тұрақты жүргізілуде.
Арнайы жұмысшы топтың кезекті рейді барысында тұрғындардың іргелес аумақтарына күл-қоқыс, құрылыс материалдары мен түрлі қалдықтарды тастаған жағдайлар анықталды. Заң талаптарын бұзған 9 азаматқа ескерту беріліп, құқықбұзушылық қайталанған жағдайда заңнамаға сәйкес айыппұл салынатыны түсіндірілді.
Жалпы, жыл басынан бері қала аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 118, ал 505-бабы бойынша 215 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. Осылайша, жыл басынан бері барлығы 333 әкімшілік хаттама рәсімделген.
Тазалық талаптарын сақтау – тек жауапты мамандардың емес, әр тұрғынның ортақ міндеті. Осыған байланысты қала тұрғындары тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамай, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырылады.
Арнайы жұмысшы топтың рейдтік шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.
