Ұстазды ұлықтау сөзден іске қашан көшеді?

Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі. Бірақ сол мұғалімнің өзі қаншалықты қорғалған, қаншалықты еркін және қаншалықты бағаланған?

Бұл сұраққа жыл сайынғы Тамыз конференциясы қарсаңында қайта-қайта ораламыз. Биыл да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымына ерекше құрмет білдіріп, білімнің, адами капиталдың және мұғалім еңбегінің ел болашағындағы маңызын атап өтті. 2026 жылғы республикалық Тамыз конференциясы «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналды.

Президенттің сөзі көңілге медеу. Өйткені ұстаздың еңбегі жай ғана бір мамандықтың міндеті емес, ұлттың ертеңін қалыптастыратын мемлекеттік маңызы бар қызмет екені анық айтылды.

Алайда бір нәрсені ашық айтуымыз керек: ұстазды құрметтеу – мінберден айтылатын жылы сөзбен ғана өлшенбеуі тиіс.

Ұстазға «ұлттың шамшырағы» деу оңай. Ал сол шамшырақтың жарығын өшірмей, кәсіби тұрғыдан қолдау, артық есептен арылту, беделін қорғау, еңбегіне лайық жағдай жасау – әлдеқайда күрделі міндет.

Бүгінгі мектепке жаңа технология, жасанды интеллект, заманауи құрал-жабдық қажет. Бірақ технология қанша жерден дамыса да, баланың жүрегіне жол табатын, оның бойындағы қабілетті байқап, дұрыс бағыт беретін ұстаздың орнын ешқандай алгоритм толық алмастыра алмайды.

Президент те осы ойды ерекше атап өтті: әлемді технология өзгертуі мүмкін, ал адамның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың қолынан келетін іс.

Демек, мәселе тек мектеп салуда немесе компьютермен қамтамасыз етуде емес. Мәселе – мұғалімнің сапасында, мәртебесінде және кәсіби еркіндігінде.

Соңғы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы айтарлықтай өсті. Кейінгі бес жылда елімізде миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынғаны, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылғаны айтылды.

Бұл – маңызды нәтиже.

Бірақ жаңа мектептің қабырғасы биік болғанымен, оның ішіндегі білім сапасы төмен болса, мақсат орындалмайды. Заманауи кабинет болғанымен, онда баланың ойлау қабілетін дамытатын ұстаз болмаса, технологияның өзі жеткіліксіз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz

Түркістан: ағын суды тиімді пайдалану мәселесі талқыланды