ТҮРКІСТАННЫҢ БЕРЕКЕЛІ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Түркістан облысы еліміздің аграрлық саласында көш бастап келеді. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өңірде 458,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орынға шықты.

Жыл басынан бері облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне 161,6 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артты. Сонымен қатар өңірден 904,5 мың тонна ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнім экспортталып, экспорт көлемі 2 есеге өсті.

Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге өңірлерге шығаруға және жаңа өткізу нарықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Осы мақсатта 29-30 тамыз күндері Алматы қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге өңірдің аудан-қалаларынан 500 тоннадан астам өнім тиелген көліктер жолға шықты. Алматы тұрғындарына ет және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары және басқа да жергілікті өнімдер ұсынылады.

Ең бастысы, жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы орташа бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға, ал қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Мұндай жәрмеңкелер – тек сауда алаңы ғана емес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өткізу нарығын кеңейтетін маңызды құрал.

Сонымен қатар «Егістіктен – сөреге дейін» қағидаты арқылы делдалдық тізбекті қысқартып, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға және Түркістанда өндірілген сапалы өнімді тұтынушыға тікелей жеткізуге жол ашады.

Түркістанның берекелі өнімі – Алматы төрінде!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қаруды қабылдап алу акциясы басталды

Түркістан: Төлебилік шаруа жүзім бағынан 300 тонна өнім алады

25 мыңнан астам әскери қызметкер арнайы даярлықтан өтіп жатыр

Redaktor Arysinfo