ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫ — СЕГІЗ ДҮРКІН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Жетісай ауданының спортшысы әрі жаттықтырушысы Мақсат Қыдырша пара үстел теннисінен ел чемпионатында топ жарды.

4–7 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында өткен пара үстел теннисінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына еліміздің 15 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Түркістан облысының намысын қорғаған Қазақстан пара үстел теннисі құрамасының мүшесі, облыс құрамасының капитаны, «Жетісай спорт клубының» жаттықтырушысы Мақсат Қыдырша жекелей сында І орын иеленді. Сонымен қатар жұптық және аралас жұптық бәсекелерде екі ІІІ орынға қол жеткізді.

Жарыстан кейін спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұржан Көрпетаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің абсолюттік сайысында да жүлдеге ілігіп, ІІІ орын алды.

Осылайша, Мақсат Қыдырша пара үстел теннисінен жастар арасында төрт дүркін, ересектер арасында төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл жетістік Жетісайдағы пара спорттың дамуына тың серпін беріп, жас спортшыларға үлкен үлгі болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР БИЫЛ 1300-ГЕ ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда болашақ чемпиондар іріктелуде: ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды

Redaktor Arysinfo

 ФУТБОЛ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ: ИСПАНИЯ МЕН АНГЛИЯ АЛАҢДАРЫНДАҒЫ ТАРТЫ

Альфия Адамбек