Сарыағаштық боксшы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыс – әлемдегі ең беделді бокс додаларының бірі. Қазақстан құрамасы турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы есепте бірінші орын иеленді. Боксшыларымыз 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, өздерінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары да сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Солардың бірі – Сарыағаш ауданының тумасы Шұғыла Нәлібай. Әйелдер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы қола жүлдегер атанды.

Жалпы, түркістандық спортшылар турнир барысында 4 медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың көш бастауына өз үлестерін қосты. Бұл жетістік – өңірдегі бокс мектебінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы додаларда да сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Бір күнде бес өңірде тоғыз теміржол вокзалы жаңарып, ел игілігіне берілді

Redaktor Arysinfo

Қазақ-өзбек шекарасында жанармай тасымалдаған жасырын тоннель жойылды

Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды