Жолда қалған жүк көлігінің шетелдік жүргізушісі қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен тәртіп сақшылары жолда қалған көліктерге көмектесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Соңғы тәуліктерде Түркістан облысында полицейлер бірнеше көлікке көмек қолын созды. Солардың бірі – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының 2-шақырымында орын алды. Облыстық батальон қызметкерлері патрульдеу кезінде қарға батып, жол жиегіне шығып кеткен «Daewoo Gentra» маркалы көлікті байқап, жүргізушісіне жәрдемдесті. Олар көлікті трассаға шығарып, жүргізушінің сапарын жалғастыруына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 617-шақырымында тоқтап тұрған Қырғызстан Республикасының жүк көлігін байқаған полицейлер оның бұзылып қалғанын анықтады. Олар бірден көмекке келіп, жүргізушінің мәселесін шешуге атсалысты.

Қазақстандық тәртіп сақшыларының жедел әрекетіне риза болған шетелдік жүргізуші өз алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент тапсырмасы орындалуда: Мақтааралда 52 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Redaktor Arysinfo

ТАБЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ: БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 42 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Шағыр ауылының тұрғындары сусыз отыр: ЖШС «Ақаба-Сервис» пен әкімдік немқұрайлы ма?

berdaly_oraz