«ӨТІНІШ – НӘТИЖЕМЕН ӨЛШЕНЕДІ»: АРЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың талап-тілектерін тыңдады.

Қабылдауда тұрғындар әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасу, табиғи газға қосылу, денсаулық сақтау және жол мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, оны шешудің нақты жолдары талқыланды.

Заң аясында жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер тиісті мамандардың қарауына жолданды.

Қала әкімі тұрғындардың әрбір өтініші назарда болуы керектігін айтып, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Тұрғын өтініші – жай ғана қабылданған арыз емес, нақты шешім күтетін мәселе.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

2026 жылға дейін Түркістан облысындағы барлық елді мекендер бас жоспармен толық қамтылады

berdaly_oraz