ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ЖЕҢІС: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Түркістан жұртшылығы ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жерлестерін зор қошеметпен қарсы алды. Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан құрлықтық додада Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бағалы медальдар қосты.

Түркістан халықаралық әуежайында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Тулебаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, спортшылардың туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

Құрлық додасында академиялық ескек есуден ерлер арасындағы қос қайық (M2−) бәсекесінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Владислав Яковлев пен Иван Чернухин чемпион атанды.

Ал байдарка мен каноэде ескек есуден екі бағдарламада бақ сынаған Ольга Шмелёва күміс және қола медаль иеленіп, Түркістан спортының мерейін үстем етті.

Осылайша түркістандық спортшылардың еншісінде әзірге 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар. Өңірден Азия ойындарына 30-дан астам спортшы қатысып жатыр, сондықтан алда жаңа жеңістерден үміт бар.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев спортшылардың жетістігіне тоқталып, олардың құрлықтың үздік спортшыларымен бәсекеде жоғары шеберлік танытқанын атап өтті.

««Сіздер табандылық пен жоғары шеберлік көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғадыңыздар. Спортшыларымыздың жеңісіне Түркістан қаласында салынған Ескек есу арнасының да қосқан үлесі мол. Осы мүмкіндікті пайдаланып, спортшыларымызға, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін», – деді Ертай Алтаев.»

Қарсы алу рәсімінде чемпиондар мен жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, олардың Азия ойындарындағы жарқын жетістіктері атап өтілді. Өз кезегінде спортшылар қолдау білдірген жанкүйерлерге, жаттықтырушылары мен ата-аналарына алғыстарын жеткізді.

Түркістандық спортшылардың жетістігі өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуы мен спортшыларға жасалып жатқан қолдаудың нәтижесін де көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Владислав Яковлев пен Ольга Шмелёва – Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Ал Иван Чернухин – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспір

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТЫҢ АРУЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ: ЕЛ ҮМІТІ – КАУСАРДА!

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Redaktor Arysinfo

Антикор қазақстандық спорттағы “жалған спортшылар“ туралы айтты

admin_arysinfo