Арыс қаласының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Алтын күз – 2026» мерекелік шарасы еңбек адамдарына құрмет көрсетумен ерекшеленді.
Мерекелік шара алдымен Орталық Әл-Фараби алаңындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен басталып, кейін қалалық Мәдениет үйіндегі салтанатты жиынға ұласты.
Жиында қала әкімі Қайсар Маңқараев ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген шаруаларға алғыс айтып, елдің ырыс-несібесін арттырудағы еңбектің маңызын атап өтті.
«Арыстың бүгінгі жетістігі – осында еңбек еткен талай буынның маңдай терімен келген ортақ мұра. Жерге дән сеуіп, төрт түлігін түлетіп, елдің несібесін арттырып жүрген барша шаруаларға алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі.
Салтанатты жиында сүт өндірісі, жылыжай, балық, мал және егін шаруашылығы сияқты түрлі бағытта еңбек етіп жүрген үздіктер марапатталды. Оларға «Ауыл шаруашылығы озаты» төсбелгісі, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар мен ардагерлерге шаһардың 70 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгілер табыс етілді.«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: АРЫСТА ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Арыс қаласының 70 жылдық мерейтойына орай 2 қазан күні «Алтын күз – 2026» мерекелік шарасы өтті.
Алдымен Орталық Әл-Фараби алаңындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен басталған мереке қалалық Мәдениет үйіндегі салтанатты жиынға ұласып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Жиында қала әкімі Қайсар Маңқараев ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруаларға алғысын білдіріп, еңбектің ел игілігіндегі маңызын атап өтті.
– Арыстың бүгінгі жетістігі – осында еңбек еткен талай буынның маңдай терімен келген ортақ мұра. Жерге дән сеуіп, төрт түлігін түлетіп, елдің несібесін арттырып жүрген барша шаруаларға алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жемісті, тірліктеріңіз берекелі болсын, – деді қала әкімі.
Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері сүт өндірісі, жылыжай, балық, мал және егін шаруашылығы және басқа да түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Үздіктерге «Ауыл шаруашылығы озаты» төсбелгілері, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, Арыс қаласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар мен ардагерлерге қаланың 70 жылдық мерейтойына арналған төсбелгілер табыс етілді.
Шара барысында қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов ауыл шаруашылығы саласының бірқатар өкілдеріне мәслихат атынан Алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік кеште «Каз Киоти» ЖШС қолдауымен мемлекеттік жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында «Ермек» және «Жекен Саяқ» шаруа қожалықтарына Dong Feng 904 тракторларының кілті табысталды.
«Алтын күз – 2026» мерекелік кеші Арыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов те ауыл шаруашылығы саласының бірқатар өкілдеріне мәслихат атынан Алғыс хат тапсырды.
Мерекенің тағы бір маңызды сәті – шаруаларға жаңа техникалардың табысталуы болды. «Каз Киоти» ЖШС қолдауымен мемлекеттік жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында «Ермек» және «Жекен Саяқ» шаруа қожалықтарына Dong Feng 904 тракторларының кілті берілді.
Бұл – ауыл шаруашылығын заманауи техникамен жарақтандыруға және шаруалардың өндірістік мүмкіндігін арттыруға бағытталған нақты қолдаудың көрінісі.
Еңбек адамдары ұлықталған «Алтын күз – 2026» мерекелік кеші Арыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Арыстың 70 жылдығы – қаланың тарихын ғана емес, оның бүгінгі берекесін еселеп жүрген еңбек адамдарының еңбегін дәріптеген мерейтойға айналды.
