Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектепте тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау жұмыстары жалғасуда.
Акция барысында мектеп педагогтері мен қызметкерлері өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды тазалап, абаттандыруға атсалысты. Сонымен қатар оқушылар арасында табиғатты аялау, тазалық сақтау және туған өлкені көркейту әр азаматтың ортақ міндеті екені түсіндірілуде.
Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті қалыптасатын мәдениет. Өз ауламыздан басталған игі іс көшеге, қалаға, тұтас елге жалғасады.
Табиғатты аялайық!
Туған жерді көркейтейік!
Тазалықты өзімізден бастайық!
Таза аула → таза көше → таза қала → таза Қазақстан! 🇰🇿
Әр адамның кішкентай еңбегі – еліміздің көркеюіне қосылған үлкен үлес.
