ТАЗАЛЫҚҚА САЛҒЫРТ ҚАРАУҒА ЖОЛ ЖОҚ: АРЫСТА РЕЙД КҮШЕЙДІ

Арыс қаласында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзғандарға бақылау күшейтілді. Қала аумағында жүргізіліп жатқан рейд барысында заң талаптарын сақтамаған 9 азаматқа ескерту берілді. Ал құқықбұзушылық қайталанған жағдайда заңнамаға сәйкес айыппұл салынатыны ескертілді.

Арнайы құрылған жұмысшы топ қала көшелерінің тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Тексеру кезінде тұрғындардың іргелес аумақтарына күл-қоқыс, құрылыс материалдары мен өзге де қалдықтарды тастау деректері анықталды. Мұндай әрекеттер қаланың көркіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына да кері әсерін тигізеді.

Сандар сөйлейді: 432 әкімшілік хаттама

Жыл басынан бері Арыс қаласында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзуға байланысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:

434-2-бабы бойынша – 161 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама;

505-бабы бойынша – 271 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Осылайша, жыл басынан бері жалпы 432 әкімшілік хаттама рәсімделген.

Жұмысшы топтың рейдтік шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Тұрғындарға тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау, ортақ пайдаланылатын аумақтардың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарын орындау қажеттігі түсіндірілуде.

Тазалық – тек жауапты мекемелердің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Туған қаламыздың көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізге байланысты. Сондықтан барша қала тұрғындарын тазалыққа жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚТА АСЫҚ АТУДАН ТОП ЖАРҒАН ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

berdaly_oraz

АРЫС ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КӨШБАСШЫ  САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo