Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы аталған құжатқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультациялар өткізгеннен кейін қол қойған.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ сайлау науқанына дайындық пен оны өткізуге қатысты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды.
Құжат жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
