ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ: АРЫСТА ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыста әлеуметтік төлемдер жүйесін реформалау мәселелеріне арналған жиын өтіп, мемлекеттік көмекті тағайындау тәртібі мен әлеуметтік қолдау тетіктеріндегі өзгерістер талқыланды.

Жиын Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Алмас Қонысұлы Ілиясов және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғани Садықов қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік төлемдер жүйесіне енгізілетін өзгерістер, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау тәртібі және мемлекеттік көмекті тағайындау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, көмек көрсетудің тиімділігін арттыру және азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеру мәселелеріне назар аударылды.

Мамандардың айтуынша, реформаның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуын қамтамасыз ету. Бұл ретте әлеуметтік жағдайды бағалау мен көмек тағайындау тетіктерінің маңызы ерекше.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.

Әлеуметтік төлемдер жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіруге арналған мұндай кездесулер тұрғындардың ақпараттандырылуын арттырып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Көгілдір отын – ауылға келген игілік: Ақдалада көптен күткен газ құрылысы қарқын алды

Redaktor Arysinfo

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында мопедін тіркемеген 29 жүргізуші жауапқа тартылды