ТҮРКІСТАНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ БАЛАНЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

«Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы төрт жылдан бері ерекше күтімді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлап келеді.

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың арман-тілектерін орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасуда. Төрт жыл ішінде өңірдің әр аймағынан өтініш жолдаған 1000-ға жуық баланың арманы орындалған.

Бүгін «Медина Палас» сарайында жобаның 42-шарасы ұйымдастырылып, Арыс қаласы, Бәйдібек және Сауран аудандарынан келген балалардың тілектері жүзеге асырылуда.

Ізгі бастамаға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы және өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетіп келеді.

Жобаның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, арман-тілектерінің орындалуына ықпал ету және қоғамда мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.

«Армандар орындалады» – балалардың жүрегіне үміт ұялатып, әрбір ізгі тілектің орындалуына жол ашатын маңызды әлеуметтік бастама. Мұндай қайырымды істер қоғамдағы жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын арттыра түседі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo

2025 жыл Arysinfo үшін несімен есте қалды?

berdaly_oraz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК — БАСТЫ ТАЛАП