АРЫСТЫҢ АЖАРЫ АШЫЛСЫН ДЕСЕК, ТАЗАЛЫҚҚА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ!

Арыс қаласында «Күзді таза қарсы алайық» ұранымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала күні мерекесі қарсаңында өткен тазалық шарасы қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес өткізілді.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарды тазалады. Арық-атыздар мен көше бойлары қоқыстан аршылып, арамшөптер оталды. Жиналған қалдықтар арнайы техникалармен белгіленген полигонға жеткізілді.

Тазалық – бір күндік науқан емес, ортақ жауапкершілік. Қаланың көркі мен тазалығы әрбір тұрғынның қоршаған ортаға деген жанашырлығы мен жауапкершілігіне байланысты.

Осы орайда қала тұрғындары қоршаған ортаны таза ұстауға, тазалық шараларына белсенді қатысуға және Арыстың ажарлануына үлес қосуға шақырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында марқұм полицейдің әйелі 14 млн теңге өтемақы өндіріп алды

330 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ: СОЗАҚТАҒЫ КИЕЛІ КЕСЕНЕ ЖАҢА ТЫНЫС АЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыстық оқушы Американың білім кеңістігін бағындырды

Redaktor Arysinfo