АЙЫППҰЛЫН ТӨЛЕМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕР «ҚОРҒАУ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында жол ережесін бұзып, әкімшілік айыппұлдарын уақытылы төлемеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтті. Ордабасы ауданында жүргізілген тексеру нәтижесінде жол ережесін бірнеше рет бұзған және айыппұл бойынша берешегі бар жүргізушілер анықталды.

Мәселен, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асыруға байланысты бес рет құқық бұзған. Ал Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі де белгіленген жылдамдық режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полицейлердің түсіндіру жұмыстарынан кейін екі жүргізуші де айыппұл бойынша берешектерін өтеген.

Ал Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісінің жылдамдықты асыру және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 60 мың теңгеден астам берешегі бары белгілі болды. Заң талаптарына сәйкес, көлік айыптұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуге шақырады.

Ескерту: жолдағы тәртіп — әр жүргізушінің жауапкершілігі. «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін нығайтуға және жүргізушілердің заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ БАРИТ ӨНДІРУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОЛДАУ: ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БЕС ЗЕРТТЕУШІГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo