Қазіргі таңда интернет алаяқтық кең таралған қылмыс түрлерінің біріне айналды. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректері мен қаражатын заңсыз иемдену үшін түрлі айла-шарғыға барады.
Олар жалған хабарламалар жіберіп, күмәнді сілтемелер таратады, банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде телефон соғып, азаматтарды алдауға тырысады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен онлайн сауда платформаларын пайдаланып, жалған ұсыныстар арқылы ақша жымқыруы мүмкін.
Интернет алаяқтарынан сақтану үшін:
Бейтаныс адамдар жіберген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
Банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеңіз.
Телефон арқылы хабарласқан адамның сөзіне бірден сенбей, ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Күмәнді сайттарда жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз.
Тауар немесе қызмет сатып алғанда сатушының сенімділігіне көз жеткізіңіз.
Есіңізде болсын: банк қызметкері де, басқа тұлға да сізден SMS-кодты, PIN-кодты немесе құпиясөзді сұрамауы тиіс.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз және полицияға арыз беріңіз.
Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің кепілі! Жеке деректеріңізді қорғап, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз.
