АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ-ТӘРБИЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алпамыс батыр ауылдық округінде оқушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сталкингтің зияны туралы түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге буллинг, зорлық-зомбылық және сталкингтің белгілері мен зардаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздікті сақтау және қоғамдық жауапкершілікті сезінудің маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар оқушылар арасында нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алуға бағытталған үнпарақшалар таратылды. Жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық кездесулер өскелең ұрпақтың қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА «БАЛА ӨМІРІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

«Күдікті ұсталды» Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовқа шұғыл ота жасалып жатыр

berdaly_oraz

Түркістан: Келес ауданында биыл 33,8 шақырым жол жөнделеді