ТОҚАЕВ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР – БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушылар күніне орай өткен салтанатты жиында төтенше жағдайлар саласының қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды. Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың адам өмірін сақтап қалу жолындағы ерлігі мен қажырлы еңбегіне жоғары баға берді.

Президенттің айтуынша, құтқарушы болу – батылдықты, кәсіби шеберлікті және үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы қызмет. Олар төтенше жағдай кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігеді.

«Халқымыз сіздерді, яғни еліміздің барша құтқарушы мамандарын бейбіт күннің батырлары деп атайды. Бұл – шын мәнінде әділетті баға», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құтқарушылардың бойында батылдық пен табандылықтан бөлек, елге деген жанашырлық, отаншылдық және кәсіби біліктілік болуы керектігін атап өтті. Оның сөзінше, сын сағатта жедел шешім қабылдап, адам өміріне араша түсу – рухы мықты, жауапкершілігі жоғары мамандардың қолынан келетін іс.

«Құтқарушылар кез келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке ұмтылады. Олар өзгенің өмірін сақтау үшін өз өмірін қатерге тігеді. Бұл – нағыз құтқарушыға тән батырлық», – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушылардың күнделікті еңбегі қоғамның ерекше құрметіне лайық екенін атап өтіп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметіне ризашылығын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҮДЕРІС

Redaktor Arysinfo

ҚАСИЕТ ПЕН ҚАҒИДА ҚАҚТЫҒЫСЫ: ДОМБЫРА ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

“Мен дайынмын!” — Асу Алмабаев UFC жеңісінен кейін октагонда жар салды

Redaktor Arysinfo