АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӘДЕП ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған жиын өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары С. Сарқыт пен Н. Ақбердиев арнайы қатысып, мемлекеттік қызметшілерге заңнамадағы жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат берді.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет жүйесін заман талабына сай жетілдіру, қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу тетіктері мен әдеп стандарттары кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын ұстануының маңыздылығы атап өтілді.

Мамандар заңнамаға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, олардың мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудағы рөлін түсіндірді. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, қызметтік міндеттерін орындау барысында заң талаптарын сақтау және мемлекеттік аппараттың халыққа бағдарланған жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Мұндай түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсініп, қызмет барысында тиімді қолдануына және мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның инвестициялық серпілісі: 8 жылда өңір экономикасына 7,5 трлн теңгеден астам қаржы тартылды

Redaktor Arysinfo

Жетісай ауданында орын алған өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

berdaly_oraz

Іздеу саламыз!: «Тақыркөлде» жоғалған Аиданың тағдыры әлі де беймәлім

berdaly_oraz