Түркістанның инвестициялық серпілісі: 8 жылда өңір экономикасына 7,5 трлн теңгеден астам қаржы тартылды

Түркістан облысы құрылған сегіз жыл ішінде елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу және экономиканы әртараптандыру міндеттері өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жетекшілік ететін жұмыстардың нәтижесінде соңғы сегіз жылда өңір экономикасына 7 трлн 570,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш Түркістанның инвестициялық тартымдылығының айтарлықтай артқанын көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 трлн 745,6 млрд теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында облысқа 614,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,5 пайыздық өсім тіркелді.

Бүгінде инвесторлар үшін өңірде барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, Turan арнайы экономикалық аймағы, Орталық Азия халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар мен шағын өндірістік парктер өңір экономикасына жаңа серпін беруде.

Түркістанның инвестициялық жетістіктері өңірдің тек рухани және туристік орталық қана емес, өндіріс пен кәсіпкерліктің де маңызды орталығына айналып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта жаңа өндірістерді іске қосу, экспорт көлемін ұлғайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеретін жаңа нысандардың жобасы қаралды

Арыстықтар өнер додасында оза шапты

berdaly_oraz

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Redaktor Arysinfo