№4 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер САРЫПБЕКОВА МӨЛДІР СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Мен, Сарыпбекова Мөлдір Сейсенбекқызы, 1987 жылы 7 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. 2004 жылы Арыс қаласында орналасқан №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектепті бітіріп, сол жылы Алматы экономика және статистика академиясына түсіп, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша  2008 жылы бітіріп шықтым. 2018 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетіне түсіп, «Құқықтану» мамандығы бойынша 2020 жылы тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2006 жылы ОҚО Шымкент қаласы Әль-Фараби аудандық әкімшілігінде хатшы, 2007-2010 жылдары «Қазақкөліксервис» АҚ «Оңтүстік» филиалында 1-ші категориялы есепші, 2012 жылы Арыс қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскер, 2015 жылы Арыс қалалық «Jas Otan» жастар қанатының төрайымы, 2021-2025 жылдары Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ,  «Руханият орталығы» КММ басшысы болып еңбек еттім. 

2025 жылдың маусым айынан бастап Арыс  қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарудамын.  

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Халық сенімі – басты міндет, ел игілігі – ортақ мақсат!

Құрметті жерлестер!

Менің басты мақсатым – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, оны шешуге нақты үлес қосу. Тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын ескеріп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға күш салу.

  1. Халықпен ашық байланыс орнату

Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде қарастыру, әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысын бақылау, атқарылған жұмыстар туралы халыққа ашық есеп беру.

  1. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

Жастар мен жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар енгізу, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бастамаларын көтеру, кәсіптік білім беру мен сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге атсалысу.

  1. Жастардың болашағына инвестиция

Жастардың сапалы білім алуына және кәсіби дамуына жағдай жасауға ықпал ету, жастардың спортпен, өнермен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін жобаларды қолдау, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесін көтеру, дарынды жастардың бастамаларына қолдау көрсету.

  1. Әйелдер мен отбасыларды қолдау

Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың мәселелерін назарда ұстау, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін және экономикалық дербестігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрмыстық қиындықтардың алдын алуға бағытталған жобаларды көтеру, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу.

  1. Инфрақұрылым және қолайлы орта

Жолдардың сапасы мен көшелердің жарықтандырылуы мәселелерін көтеру, ауызсу, кәріз және инженерлік желілерге қатысты өзекті мәселелердің шешілуін бақылау, аулалар мен қоғамдық орындардың абаттандырылуына ықпал ету, қоқысты уақытылы шығару, тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

  1. Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау

Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелерін көтеру, қарт адамдардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мүддесін қорғау, ауылдық жерлерде және шалғай шағынаудандарда әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуына атсалысу, халықтың қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын қолдайтын бастамаларды дамыту.

  1. Білім, мәдениет және спорт

 Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру, мәдени іс-шаралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жобаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға атсалысу.

Менің негізгі ұстанымдарым халықпен бірге болу, әрбір мәселеге жауапкершілікпен қарау. Ашықтық пен әділдікті сақтау.

Жарияланым ақысы №4 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Сарыпбекова Мөлдір Сейсенбекқызының бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

Ұқсас жаңалықтар

“ТАУ АДАМЫНЫҢ”  АРМАНЫ : ДЖЕЙМС КЭМЕРОНМЕН КЕЗДЕСУ

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАРҚЫН БАР: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӨҢІРДЕГІ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ КӨЗБЕН КӨРДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысы мен «Самұрық-Қазына» қоры кәсіби кадр даярлауда әріптестік орнатты

berdaly_oraz