№1 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ИГІБАЙ АЗАМАТ ИГІБАЙҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Игібай Азамат Игібайұлы 1989 жылғы 5 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Арыс қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектепке қабылданып, 8-сыныпқа дейін білім алған. 2004 жылы Шымкент қаласындағы С.Рахымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатына оқуға түсіп, 2007 жылы аяқтады.

2007–2011 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Сонымен қатар, 2025 жылы Ж.Тәшенов атындағы университетін «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсіпкерлік қызметінде спортты дамытуға, халыққа сапалы қызмет көрсетуге және әлеуметтік қолдауды күшейтуге басымдық береді.
Атап айтқанда, Арыс қаласындағы Ақынбеков көшесінің бойынан өз қаражаты есебінен «Баркер Бокс» спорт клубын ашып, жастардың бокс спортымен тегін айналысуына мүмкіндік жасаған. Сонымен қатар «Игібай» спорт кешені, «ХАН» бассейні, ойын-сауық кешені мен мейрамхана ашып, қала тұрғындарына арналған қызмет көрсету саласын дамытуға үлес қосып келеді.
Әлеуметтік бағыттағы бастамаларының бірі – халыққа қолжетімді бағада азық-түлік өнімдерін ұсыну.

Қоғамдық жұмыстардан да шет қалмай, “Бекзат ата” және орталық мешіттердің жұмысына демеушілік көрсетіп, қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп келеді.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 

АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМ!

Арыс қаласының инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу – басты мақсатым.

1. Жол инфрақұрылымын дамыту

— Арыс қаласы, Байдаулетов көшесін жөндеу және абаттандыру мәселесін көтеру;
— Әл-Фараби көшесін кеңейтуге ықпал ету;
— Аулаішілік жолдар мен көшелердің сапасын жақсарту.

2. Кәріз жүйесін дамыту

— №1 сайлау округі бойынша 10-ға тарта көшеге жаңа кәріз құбырларын тарту мәселесін көтеру;
— Тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мүмкіндіктерін қарастыру.

3. Ауызсу жүйесін жақсарту

— Арыс қаласындағы Ә. Жангелдин аумағында су құбырларын тарту жұмыстарын қолдау;
— Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамтуға атсалысу.

4. Көше жарықтандыру

— Жарықтандырылмаған көшелерге түнгі жарық орнату;
— Қолданыстағы жарық жүйелерін жаңарту;
— Қауіпсіз әрі жайлы қала ортасын қалыптастыру.

5. Қала тазалығы мен абаттандыру

— Аула, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау;
— Балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын көбейту;
— Көгалдандыру және көше келбетін жақсарту.

Үміткердің басты ұстанымы – уәде беріп қана қою емес, тұрғындар көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың шешілуіне жүйелі түрде ықпал ету.

 

Жарияланым ақысы №1 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Игібай Азамат Игібайұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.  

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында футболдан жаңа турнир басталды

Түркістан: Келес ауданында ауыз сумен қамту жұмыстары жанданды

Мектеп оқулығындағы сілтеме дауы: Оқушылар букмекерлік сайтқа тап болған

berdaly_oraz