№9 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер САДИЕВ ӨСКЕН ТЕМІРХАНҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Мен, Садиев Өскен Темірханұлы, 1989 жылы 30 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім.

2008 жылы Арыс қаласындағы №32 Ә. Жангелдин атындағы орта мектепті тәмамдадым. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжіне оқуға түсіп, 2012 жылы «Бағдарламашы» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 2013 жылы Алматы қаласындағы «Nobel» фармацевтикалық цехында оператор қызметінен бастадым. 2015–2018 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы асфальт-бетон зауытында мастер қызметін атқардым. Осы кезеңде өндіріс саласында тәжірибе жинақтап, еңбек тәртібі мен жауапкершіліктің маңызын түсіндім.

2018 жылдың қыркүйек айында «Silkway» халықаралық университетіне «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2020 жылы жоғары білімімді аяқтадым.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы «MEGA-AGAT» компаниясының директоры қызметін атқарып келемін. Еңбек жолым барысында өндіріс, экономика және басқару салаларында тәжірибе жинақтадым.

Мен үшін адал еңбек, жауапкершілік және тұрақты даму – басты қағидалар. Туған жердің өркендеуіне үлес қосу, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және қоғам алдындағы міндеттерді абыроймен атқару маңызды деп санаймын.

Мен үшін депутаттық – мәртебе емес, халық алдындағы жауапкершілік. Ел сенімін ақтап, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет етуге дайынмын!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады», – деп атап өткен болатын. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, Арыс қаласының инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әрбір елді мекенге тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын негізге ала отырып, тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді басты міндетім деп санаймын.

1. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы

Қала көшелері мен аулаларындағы жарықтандыру жүйелерін жетілдіру мәселелерін көтеру, қарттар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Шағын бизнесті дамыту, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды қолға алу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

2. Қала инфрақұрылымын дамыту

Арыс қаласындағы А. Төлепов және Жансариев көшелеріне жарықтандыру жүйелерін жүргізу жобасын іске асыруға ықпал ету. Дермене елді мекеніндегі ауылішілік көшелерге асфальт төсеу,  жарықтандыру және аяқжол салу жобаларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Дермене елді мекеніндегі А.Құнанбаев, Жаңа ауыл, Ғ.Мұратбаев, Б.Онтаев, Жібек жолы, С.Сейфуллин және Б.Майлин, Қ.Сатбаев көшелерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.

Арыс қала көшелерінің сапасын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау.

3. Аула мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру

Арыс қаласы «Көктем» мөлтек ауданындағы №11 және №13 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға ықпал ету;

Арыс қаласы «Көктем» мөлтек ауданындағы ардагер көшесіндегі №1, 3, 5, 35, 37, 39, 43, 45, 47 және 49 көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы балалар ойын алаңдары мен футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету;

Қала аулаларын көгалдандыру, жарықтандыру және тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық кеңістіктерді жақсарту бастамаларын қолдау.Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ескере отырып, өзекті инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

  1. Қолжетімді әрі сапалы медицина

Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

5. Халықпен ашық байланыс және жауапкершілік

Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алу; Арыс қаласы мен елді мекендердің өзекті мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру;

БАСТЫ ҰСТАНЫМЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар» деген сөзі менің әрбір бастамамның негізі екенін көрсетеді.

Мен үшін депутаттық қызмет – мәртебе емес, халық алдындағы жауапкершілік. Әрбір көшенің жарығы, әрбір ауланың жайлылығы, әрбір тұрғынның қауіпсіздігі – қаланың дамуының нақты көрсеткіші.

Жарияланым ақысы №9 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Садиев Өскен Темірханұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек құқығы – назарда: Түркістанда заң бұзған жұмыс берушілерге ескерту жасалды

Redaktor Arysinfo

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына іссапармен келді

Альфия Адамбек

«Ордабасы» командасының ойыншыларына заңсыз бонус берілген