Арыс қаласында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қауіпсіз ортада демалуына жағдай жасау мақсатында ойын алаңшаларын салу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда Ардагер шағынауданындағы №37, 38 және 39 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында ойын алаңшаларын ретке келтіру, сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы қала мен ауылдық округтерде 12 жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Ал биыл тағы 5 аумаққа балалар ойын алаңшасын және бір жерге футбол алаңын орнату жоспарланған.
Бүгінде құрылыс жүргізіліп жатқан аумақтарда қоршаулар орнатылып, жерді тегістеу және бетондау жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта балаларға арналған ойын құрылғылары орнатылып, алаңшалар пайдалануға беріледі.
Жаңа нысандар балалардың спортпен шұғылдануына, бос уақытын пайдалы өткізуіне және тұрғын үйлердің аулаларында қолайлы демалыс ортасын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар қала тұрғындарын қолданыстағы ойын алаңшаларын күтіп ұстауға, олардың тазалығы мен сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Балалардың қауіпсіздігі мен ортақ мүліктің сақталуы – барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
