Наурыз мерекесі қарсаңында Арыс қаласында 70 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды

Наурыз мерекесі қарсаңында Арыс қаласында 70 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Арыс қаласында 70 отбасы үшін ерекше қуаныш орын алды. Жаңадан бой көтерген Отырар шағын ауданында салтанатты түрде баспана кілттері табысталып, тұрғындар өз шаңырақтарына қоныстанды.

Қоныс иелеріне баспана кілттерін қала әкімі Қайсар Маңқараев табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Ол тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да Арыста баспанамен қамту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Жаңа пәтерлер заман талабына сай салынып, барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Баспаналы болған тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

Жаңа үйлеріңіз берекелі, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

berdaly_oraz

Дональд Трамптың Газа секторын тегін алуға ниеті мен Иорданияның әрекеті

berdaly_oraz

Түркістанда жобадан ауытқып салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда

berdaly_oraz