Арыста үй жануарырна қатыгездік жасаған 42 жастағы ер адам ұсталды

Түркістан облысы Арыс қаласында жануарға жасалған қатыгездік тағы да қоғам назарын аударды. Желіде тараған видеода екі иттің есекке шабуыл жасағаны көрінеді. Видео кадрларынан есектің жараланған аяғымен жанталасып, өзін қорғауға тырысқаны байқалады.

Бұл оқиға Арыс қаласында болғаны анықталды. Полиция мәліметінше, 42 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары жануарларға осындай қатыгездік көрсеткендер қатаң жазалануы тиіс деп талап етуде. Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге айыппұл салынып немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Redaktor Arysinfo

«Ту қалып қойды!»: жалын арасынан мемлекеттік рәмізді құтқарған азамат

Redaktor Arysinfo