Түлкібаста жаңа медициналық нысан ашылды

Түлкібаста жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түлкібас ауданы Шақпақ-баба елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Нысан Наурыз мерекесі қарсаңында ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсембаев, аудандық аурухананың бас дәрігері, ауыл ақсақалдары мен ауылдан сайланған мәслихат депутаты және ауыл әкімі қатысып тұрғындардың қуанышын бөлісті.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, заманауи дәрігерлік амбулаторияда 1 жалпы дәрежелі дәрігер, 1 фельдшер және 2 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Игі шарада ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге дән риза екендіктерін жеткізді. Нысанның ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, ақсақалдар ақ батасын берді. Аталған елді мекенде 4 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді екен.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Мақтаарал ауданы индустриясы қарқын алып келеді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН 12 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРДӘУЛЕТ АЙДАРХАН РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Redaktor Arysinfo

Отырардағы кәсіпорындар мен спорт инфрақұрылымдар

berdaly_oraz