Өңір жаңалықтары: Бәйдібек ауданында тағы бір елді мекен газбен қамтылды

Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекенінде табиғи газ берілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындармен кездесті. Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар және жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.

«Бұл жоба сіздердің үйлеріңізге жылу әкеліп, күнделікті өмірлеріңізді жеңілдетеді. Бүгінгі күн ауыл тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Бұл – бірлік пен тынымсыз еңбектің жемісі. Табиғи газдың елді мекендерге берілуі – Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі”, – деді Ерлан Нұрмаханов.

Қазата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын «Birlik Stroy1» ЖШС жүргізді. Газ құбырының ұзындығы – 10,335 шақырым.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Түркістандағы тың серпін: Қоғамдық қор мен облыс тізе қосты

berdaly_oraz

Пікір жазу