Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды

Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тұрғындары әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің кадрларын белсенді түрде жариялауда. Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада болғанымен, оның дүмпуі Бангладеш, Үндістан, Тайланд, Лаос және Қытайда да сезілді.

Тайланд билігі афтершоктардың күтілетінін хабарлады. Осыған байланысты:

  • Биік ғимараттардан адамдар эвакуацияланды,
  • Метро жұмысы уақытша тоқтатылды,
  • Көптеген компаниялар қызметкерлерін үйлеріне қайтарды.

Бангкокта жер сілкінісінен кейін үлкен көлік кептелістері пайда болды. Әлеуметтік желілерде қираған ғимараттар мен бүлінген инфрақұрылым туралы көптеген видеолар тарауда.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде. Билік азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Несие қамытындағы халыққа жаңа мүмкіндік: қарызды бір төлеммен өтеуге жол ашылды

Redaktor Arysinfo

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Redaktor Arysinfo

TIKTOK-ТАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АЙЫППҰЛҒА ӘКЕЛДІ: ӘЙЕЛГЕ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo