Несие қамытындағы халыққа жаңа мүмкіндік: қарызды бір төлеммен өтеуге жол ашылды

дереккөз фото: KAZAKSTAN

Қазақстанда бірнеше банктен және микроқаржы ұйымдарынан несие алып, төлем қабілеті төмендеп кеткен азаматтарға арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылмақ. 12 шілдеден бастап жұмысын бастайтын жүйе проблемалық несиелерді реттеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңа тетік азаматтардың қарыз жүктемесін жеңілдетуге бағытталған. Әлеуметтік осал топтар үшін ай сайынғы төлем көлемі 90 мың теңгеден аспайды. Ал басқа санаттағы азаматтар үшін төлем мөлшері қаржылық жағдайына қарай белгіленеді. Қарызды өтеу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Платформа арқылы өтініш беру толықтай онлайн форматта жүзеге асады. Қосымша құжат жинаудың қажеті жоқ. Әр өтініш жеке қаралып, азаматтың табысы мен төлем қабілеттілігі ескеріледі. Сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылып, негізгі қарыз бен пайыздық мөлшерлеме ғана сақталады.

Сарапшылар бұл бастама халықтың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға ықпал етеді деп есептейді. Алайда олар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен несие алу мәдениетін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалмауы керек екенін айтады.

Жаңа платформа қарызды кешіру құралы емес, борышкерлерге қаржылық қиындықтан шығуға мүмкіндік беретін тетік ретінде қарастырылып отыр.

астап жұмыс істей бастайды. Жүйе тұтынушылық несие мен микронесие бойынша қиындыққа тап болған азаматтарға арналған. Өтініш мақұлданған жағдайда бірнеше төлемнің орнына бірыңғай төлем кестесі жасалып, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ өтініш қаралып жатқан кезеңде қаржы ұйымдарына қарызды коллекторларға беру немесе сотқа жүгіну бойынша шектеулер қойылады. Бұл қарызды кешіру емес, оны төлеу тәртібін жеңілдетуге бағытталған тетік екені атап өтілді

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

Шымкентке Еуропа елдерінің елшілері сапармен келді

berdaly_oraz