Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және еліміздің ірі компания иелері мен өкілдері қатысты.

Форумда, алдымен Түркістан облысының инвестициялық-экономикалық әлеуеті туралы презентация жасалды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық әлеуетіне тоқталып, жиынға қатысушыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тоңазытқыштар өндірісі жобасының сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

“Сіздерді түркі тілдес халықтардың жүрегі саналатын Түркістан қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын! Бүгінгі іс-шара – идеялар алмасатын және жеткен жетістіктер туралы ой бөлісетін тамаша алаң. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту жұмыстары қарқын алып, кәсіпорындар ашылуда. Түркістан – Ұлы Жібек жолында орналасқан Қазақстанның тарихи-мәдени орталығы. Тарихы терең шаһардың бүкіл түркі халықтары үшін рухани маңызы жоғары. Батыс пен шығыстың арасындағы сауда қатынастары, тиімді географиялық орналасуы және көптеген тарихи нысандары Түркістанды Орталық Азиядағы инвестициялар мен туризмнің орталығына айналдыруға зор мүмкіндіктер береді. 2018 жылы құрылған Түркістан облысы сауда-экономикалық байланыстарды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық қоржынында 2025-2028 жылдарға жоспарланған 110 инвестициялық жоба бар. Бұл жобалар 4,6 миллиард АҚШ долларына дейін инвестиция тартуға және 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірде «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және индустриалды аймақтар сияқты инвестициялық алаңдар бар. Облыс әкімдігі инвесторлардың барлық бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өткім келеді”, – деді Нұралхан Көшеров.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия маңызды мәселелерді талқылады

Альфия Адамбек

Түркістан облысындағы театрларда 400-ден аса қойылым сахналанған

Альфия Адамбек

Антикор қазақстандықтарға арнап WhatsApp чат-ботын іске қосты

berdaly_oraz

Пікір жазу