Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

Түркістан облысы, Келес ауданында шегірткеге қарсы залалсыздандыру бойынша 17 сектор белгіленіп, 85 бүрку техникасы бөлінді. Сонымен қатар 17 жұмысшы топ 123 аспалы бүріккішпен қамтылды. Жалпы 447 анықтаушы залалсыздандыру шарасына жұмылдырылады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы Бірлік, Ошақты, Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінде болып, зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар анықтаушылардың жатын орындарын аралап, тексерді. Аймақтарда орналасқан шаруа қожалық иелері бұл науқанға өз үлестерін қосуда. Жауаптылардың мәлімдеуінше, су мен жанар-жағармай тасымалы жүйеленген.

“Негізгі жұмысты атқаратын – анықтаушылар. Сондықтан, оларға барлық жағдайы жасалуы керек. Тамақтанатын, жуынатын арнайы орынжайлар қарастырылсын. Химиялық препараттың күнделікті қалған мөлшері бойынша тұрақты түрде ақпарат ұсынылсын. Жұмыс тоқтамауы тиіс” – деген облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді. Қажеттілігіне қарай қосымша жұмыс күшін қарастыруды да тапсырды.

Келес ауданында дернәсілдер алдағы 4-5 күнде шығады деп болжануда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті

berdaly_oraz

Түркістанда ұстаздардың біліктілігін арттыруға арналған «Ustazga AI» жобасы таныстырылды

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасымен кездесті